БАҚ ерлі-зайыптылардың жанжалдасуына не себеп болғанын анықтады.
ERNUR.KZ. Түркияда ер адам әйелін 12 метр биіктіктен тастап жіберді, деп жазды Sputnik.kz.
Оқиғаның видеосы Facebook-те жарияланды.
Басылымның мәліметінше, жантүршігерлік жағдай Анкара автовокзалында болған.
Ерлі-зайыптылар 8 ай бұрын отасқан екен. Келіншек Стамбұлдағы бауырына барғысы келген, ал күйеуі қарсы болған, осыдан кейін араларында жанжал шыққан.
Әйел ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ер адам қамауға алынған.