Құрлықтағы ең үлкен ұшақ Антарктидаға қонды

0
1 050

Ұшақ бортында 45 адам және ғылыми-зерттеу техника болған.


Құрлықтағы ең үлкен ұшақ Антарктидаға қонды

ERNUR.KZ. Антарктидада кең денелі Boeing 787 Dreamliner ұшағы қарлы ұшу-қону жолағына қонды. Кеме норвегиялық Norse Atlantic Airways әуе компаниясына тиесілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Boeing 787 Dreamliner құрлыққа қонған ең үлкен ұшақ болып табылады. Лайнер бортында 45 адам, оның ішінде Норвегия полярлық институтының ғалымдары болды. Сондай-ақ, ұшаққа 12 тонна зерттеу техникасы орналастырылған.

Бұдан бөлек, ұзындығы 3 мың метр және ені 60 метр болатын Тролль аэродромындағы ұшу-қону жолағы мұз бен қардан жасалынған. Ұшақ Ослодан ұшып, Антарктидаға қонғанға дейін Кейптаунға тоқтады.