Қырғызстан мен Тәжікстан шекара дауын шешті

0
323

Екі ел басшылары Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойды.


Қырғызстан мен Тәжікстан шекара дауын шешті

Фото: Қырғызстан президенті әкімшілігі

ERNUR.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстанның президенттері екі ел арасында шекара дауын шешті, деп жазады stan.kz.

Екі ел басшылары Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойды. Қос тарап даулы аумақтарға қатысты мәселеде ортақ пікірге келген.

"Кайрагач" пен "Кызыл-Бел" бақылау-өткізу пункттері жұмысын қайта бастады. Негізінен екі ел арасында осындай 5 пункт бар. Қырғыз-тәжік шекарасы 1006,84 шақырымға созылып жатыр.

Қырғызстан көршілес елмен арадағы шекараны 2021 жылдың мамырында жауып тастады. Тиісті шешім екі мемлекет арасындағы қарулы қақтығыстан кейін қабылданған еді.