Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

0
767

Қырғызстанда коронавирустан 15 адам қайтыс болған.


Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Бүгін Бішкектегі клиникалық инфекциялық ауруханада Жогорку Кенештің экс-спикері, қоғам қайраткері Мукар Чолпонбаев қайтыс болды. Ол коронавирустан емделіп жатқан болатын, деп жазады ҚазАқпарат.

«Коронавирустан емделу кезінде оның жағдайы нашарлап, ауруы асқынып кетті. Екіжақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі сияқты асқынулар пайда болды. Оның бұдан бөлек жүрек, бүйрек және буын аурулары бар еді. Оның жасы 70-те болатын» делінген хабарламада.

Чолпонбаев ауруханаға 5 мамырда түскен. Халі күрт нашарлаған соң 12 мамырда жансақтау бөліміне ауыстырылған. Бүгін сағат 12:10-да жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан ол коронавирустан көз жұмды.

Республикалық штаб марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Жалпы, Қырғызстанда коронавирустан 15 адам қайтыс болған.

Бүгін 24 мамырда елде 38 адам індеит жұқтырған. Барлық науқастар саны - 1403, жазылғандар - 980. 275 педицина қызметкері ауруға шалдыққан.