Қырғызстанда 556 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

0
498

Ал бір тәулікте стационардан 5 медицина қызметкері жазылып шықты.


Қырғызстанда 556 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Қырғызстанда соңғы тәулік ішінде 10 медицина қызметкерінен коронавирус анықталған, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгінгі брифинг кезінде Қырғызстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев айтты.

Соның ішінде Шу облысында – 4 адам, Ош қаласында – 2 адам, Ош облысында – 1 адам, Бәткен облысында – 1 адам және Ыстық көл облысында 2 адам індет жұқтырған.

Бір тәулікте стационардан 5 медицина қызметкері жазылып шыққан.

Жалпы, Қырғызстанда 556 медицина қызметкерінен COVID-19 анықталған, соның ішінде стационардан 387 адам жазылып шықты.