Қырғызстанда туристер саны 45%-ға артты

0
81

2025 жылы Қырғызстанда демалыс және туризм саласында жұмыс істейтін 842 нысан тіркелген.


Қырғызстанда туристер саны 45%-ға артты

ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. 2025 жылы елге шамамен 5,31 миллион адам барған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 45%-ға көп, деп жазады ulysmedia.kz.

Мәліметті қырғыздың Ұлттық статистика комитетіне сілтеме жасап Кабар таратты.

- Сонымен қатар елде туристік инфрақұрылым да кеңейіп жатыр. 2025 жылы Қырғызстанда демалыс және туризм саласында жұмыс істейтін 842 нысан тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8%-ға көп,- делінген ақпаратта.

Сарапшылардың пікірінше, туристік инфрақұрылымның дамуы мен демалушылар санының артуы Қырғызстанның ішкі және халықаралық туризм үшін тартымды бағытқа айналып келе жатқанын көрсетеді.