Қырғызстанда зейнетақы өсті

0
839

Зейнетақының сақтандыру бөлігі орташа есеппен 10,4 пайызға көбейеді.


Қырғызстанда зейнетақы өсті

ERNUR.KZ. Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев зейнетақыны өсіру туралы қаулыға қол қойды, деп жазады Skifnews.kz.

Үкімет аппаратының хабарлауынша, зейнетақы мен сақтандыру жарнасының көлеміне қарай зейнетақының сақтандыру бөлігі 7 пайыздан 18 пайызға дейін және одан да көп мөлшерге ұлғайтылмақ. Зейнетақының сақтандыру бөлігі орташа есеппен 10,4 пайызға көбейеді.

Қайта есептеу қорытындысы бойынша, орташа зейнетақы 5820 сом (шамамен 83 доллар) болады. 667,3 мың зейнеткердің зейнетақысын индекстеу үшін қосымша 659,2 миллион сом, оның ішінде, республикалық бюджет қаржысынан базалық зейнетақыны өсіруге – 67,3 миллион сом, ал Зейнетақы қоры есебінен зейнетақының сақтандыру бөлігін көбейтуге – 592 миллион сом бөлінеді.

Қырғызстандық зейнеткерлерге биылғы 1 қазаннан бастап зейнетақы жаңа мөлшерде төлене бастайды.