Қытай әлемдегі ең биік көпірді салып, рекордты жаңартты

0
131


Қытай әлемдегі ең биік көпірді салып, рекордты жаңартты

Фото: getting.image
ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында Хуацзян шатқалы арқылы әлемдегі ең биік көпір ашылды, деп жазады Stan.kz.




Көпір Бэйпаньцзян өзенінің үстінен 625 метр биіктікте орналасқан. Бұл Сан-Францискодағы әйгілі "Алтын қақпа" көпірінен тоғыз есе биік.

Құрылысы үш жылға созылған нысанның жалпы ұзындығы – 2 890 метр. Ал негізгі өткелі – 1 420 метр. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл таулы жерде болат фермалар арқылы салынған әлемдегі ең ірі аспалы көпір.

Бұған дейінгі рекорд дәл осы өзеннің үстінен салынған басқа бір көпірге тиесілі болған. Оның биіктігі 565,4 метр, және ол жаңа нысаннан шамамен 100 шақырым қашықта орналасқан.

Жаңа көпір Хуацзян шатқалынан өту уақытын екі сағаттан екі минутқа дейін қысқартты.

Гуйчжоу провинциясы "Көпірлер елі" атанып кеткен. Мұнда 30 мыңнан астам көпір бар. Олардың үшеуі әлемдегі ең биік көпірлер қатарына кіреді. Әлемдегі биіктігі бойынша топ-100 көпірдің жартысына жуығы осы өңірде орналасқан.

Сонымен қатар, жуырда Қытай әлемдегі ең ірі жел турбинасын сынақтан өткізді. Ол 1 мегаватт энергия өндіре алады. Бұл "жасыл энергетика" саласындағы жаңа әлемдік рекорд.