Қытай көшпенділер ойынындағы алғашқы алтын медалін еншіледі

0
320

Кешегі жарыс күнінде Қытай құрамасы қоржынына спорттың үш түрінен 5 медаль түсті.


Қытай көшпенділер ойынындағы алғашқы алтын медалін еншіледі

ERNUR.KZ. Қытай құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алғашқы алтынын жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

Кешегі жарыс күнінде Қытай құрамасы қоржынына спорттың үш түрінен 5 медаль түсті.

Нақтырақ айтсақ, қытай спортшысы Teri Gun жамбы ату спортынан алтын жүлде алса, Hang Gai кураштан ерлер арасында 66 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, қытай спортшылары алыш спортынан үш қола медаль жеңіп алды.

Әзірге Қытай командасы 5 медаль (1 алтын, 4 қола) еншілеп, медалдар кестесінде 12-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Қытай құрамасы бұған дейін Қырғызстанда өткен екінші және үшінші кезекті көшпенділер ойындарына қатысып, 1 алтын, 1 күміс, 8 қола медальді қанжығалаған болатын.