Қытай – Ресей мұнайының ең ірі сатып алушысы.
ERNUR.KZ. Қытайдағы мұнай импорттаушылар Украина дағдарысының ықпалына алаңдап, Ресей мұнайының теңіз партияларын сатып алуды уақытша тоқтатты, деп жазады ulysmedia.kz.
Ресей шикізатын тұрақты сатып алушылар жүктерді қаржыландыру мен төлеу жағдайы айқындалғанға дейін сатып алуды тоқтататындарын айтты. Сонымен қатар, Қара теңізден мұнай тасымалдау құны үш есе өсті, өйткені жүк жөнелтушілер қауіпсіздік мақсатында бұл аймақтан қашқақтай бастады.
Қытай – Ресей мұнайының ең ірі сатып алушысы. Қытайдың мұнай өңдеу саласының өкілдері алдағы күндері жағдайдың тұрақталарына үміттенетіндерін айтты. Компаниялар жүкті жеткізу үшін көп ақша төлеуден немесе төлем проблемаларына араласудан басқа таңдау болмайтын жағдайға тап болғысы келмейді.