Қытай сутегі негізінде жұмыс істейтін бомбаны сынап көрді

0
107

Жаңа қару ерекше қуатымен және ұзақ жану уақытымен ерекшеленеді.


Қытай сутегі негізінде жұмыс істейтін бомбаны сынап көрді

ERNUR.KZ. Қытай ғалымдары сутегі негізіндегі ядролық емес бомбаның сынағын сәтті өткізді, деп жазады baq.kz.

Жаңа қару ерекше қуатымен және ұзақ жану уақытымен ерекшеленеді.

Басылым мәліметінше, 2 келі салмақтағы бұл құрылғы жарылғанда, екі секундтан астам уақытқа созылған ақ-ыстық от шары пайда болған. Оның температурасы 1 000 градустан асып, ядролық жарылыстың жарқылынан 15 есе ұзақ әсер ететіні анықталған.

Жаңа қару магний гидриді деп аталатын ұнтақ заттың көмегімен жұмыс істейді. Бұл зат қысыммен сақталатын газ баллондарымен салыстырғанда сутегіні әлдеқайда көп мөлшерде жинақтай алады.

Қытайлық сарапшылардың айтуынша, мұндай технология болашақта энергетика мен әскери салада кеңінен қолданылуы мүмкін. Алайда, оның нақты қай мақсатта пайдаланылатыны туралы әзірге толық ақпарат берілген жоқ.