Қытай топырақ үлгісін әкелу үшін Айға ғарыш аппаратын ұшырды

0
734

«Чанъэ-5» Ай зонды Жерге 2 келі топырақ үлгісін әкеледі деп жоспарланып отыр.


Қытай топырақ үлгісін әкелу үшін Айға ғарыш аппаратын ұшырды

ERNUR.KZ. Қытай сейсенбі күні Оңтүстік Қытайдағы Хайнань аралдық провинциясындағы Вэнчань әуе айлағынан Айды зерттеу үшін «Чанъэ-5» зонды бар «Чанчжэн-5» зымыранын ұшырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Зондтың міндеті – Айдың бетінен топырақ үлгісін жинап, Жерге жеткізу. «Чанъэ-5» Ай зонды Жерге 2 келі топырақ үлгісін әкеледі деп жоспарланып отыр.

Есеп бойынша, ғарыш аппараты Айдың бетіне биыл желтоқсанның басында қонады. Жалпы зондтың ұшу уақыты 20 күннен асады.

Салмағы 8,2 тонна «Чанъэ-5» зонды орбиталық, қонушы, қайтушы және ұшу модульдерінен тұрады.

МҒБ Ғарыш инженериясы және Айды зерттеу орталығының өкілі Пэй Чжаоюйдің айтуынша, «бұл миссия ғарышкерлердің Айға ұшып, ғарышты терең меңгеріп, сынама алып, Марстан, астероидтан және басқа да аспан денелеріне ұшу үшін негізгі іргетас болмақ».


«Чанъэ-5» зонды модульдерін ай маңындағы орбитада түйістіруге негізделген күрделі технологиялық тәсіл Айдағы пилоттық миссияларға технологиялық негіз болуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті қытайлық сарапшы.


Еске сала кетсек, Айды зерттеуге арналған Қытай бағдарламасы 2004 жылы іске қосылды. Ол үш кезеңнен тұрады: Айды айналып ұшу, оның бетіне қону және Жерге айдағы топырақ үлгісін жеткізу.