Қытай ядролық қаруды қолдануын доғармайтынын мәлімдеді

0
1 716

Стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу жөніндегі келісімге сәйкес, АҚШ пен Ресей 2018 жылдың 5-ақпанына дейін ядролық қару мөлшерін 1550-ден асырмауы тиіс еді.


Қытай ядролық қаруды қолдануын доғармайтынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Қытай жаңа ядролық келісім жасау үшін Ресей және АҚШ-пен өтетін келіссөздерден бас тартты, деп жазады Qamshy.kz.

"Біз ядролық қаруды жою тақырыбы бойынша үш жақты келіссөздерге қатыспаймыз", - деді дипломат.

Оның айтуынша, Қытай қандай жағдайда да өздерінің атынан өзге тараптың сөйлегеніне қарсы.

Осыдан біршама уақыт бұрын АҚШ басшылығының анонимді өкілдерінің айтуы бойынша, Трамп жақын арада жаңадан "өте ауқымды ядролық келісімшарт" жасауға ұмтылуда. Америкалық президенттің қазіргі бет алған бағытына қарсақ, ядролық қарудың барлығы үш елде ғана, яғни, Ресей, АҚШ және Қытайда болуы тиіс. Сонымен қатар, әлемдік ядролық қару мәселесін де осы үш ел қадағалауы шарт екен-мыс. Мәскеу америкалық президенттің бұл ұсынысына кет әрі емес.

Стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу жөніндегі келісімге сәйкес, АҚШ пен Ресей 2018 жылдың 5-ақпанына дейін ядролық қару мөлшерін 1550-ден асырмауы тиіс еді. Келісімшарттың 2021 жылы аяқталады.