Қытайда 28 адам тайфуннан көз жұмды

0
771

Алапат дауыл салдарынан Чжэцзян провинциясында 5 миллион адам зардап шеккен.


Қытайда 28 адам тайфуннан көз жұмды

ERNUR.KZ. Демалыс күндері Қытайдың шығыс жағалауларына келіп соғылған «Лекима» тайфунынан құрбан болғандар саны 28 адамға жетті, деп жазады «ҚазАқпарат».

Жергілікті билік жексенбіде 20 адамның хабар-ошарсыз кеткенін де мәлімдеді.

Алапат дауыл салдарынан 1,08 миллион адам қауіпсіз жерге көшірілді, Чжэцзян провинциясында 5 миллион адам зардап шеккен.

«Лекима» Қытайдың шығыс жағалауына сенбі күні таңғы 1:45-те жеткен. Тайфун өзімен бірге нөсер алып келді. Юцзя уезінде толассыз жауған нөсерден су тасқыны болды.

Синоптиктер бүгін алапат дауыл Шаньдун провинциясына жетеді деп болжап отыр.

Айта кетейік, «Лекима» биыл Қытайға төнген тоғызыншы тайфун болды. «Лекима» тайфуны салдарынан Қытай шығысынан миллиондағанадам эвакуацияланды.