Қытайда 4,4 миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды

0
756

Қытай билігі коронавирус эпидемиясының екінші толқыны болуынан қорқып, қатаң шараларды қабылдады.


Қытайда 4,4 миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Цзилинь қаласында 4,4 миллионға жуық адам тұрады. Бұл қалада коронавирус жағдайының жиілеуіне байланысты қатаң карантин режимі енгізілді, деп жазады tengrinews.kz.


Жақында осындай атауы бар провинцияда COVID-19 жұқтырған алты жағдай тіркелді. Ал апта бұрын 15 адамнан коронавирус анықталып, оның екеуі симптомсыз болған.

Бұл жағдайдың барлығы Цзилинмен көрші тұрған Шулань қаласында кір жуатын жерде жұмыс істейтін 45 жастағы әйелмен байланысты болып отыр. Ол 7 мамырда COVID-19 анықтауға тест тапсырғанда нәтижесі оң болып шыққан.

Әйелдің қалай жұқтырғаны әлі күнге дейін белгісіз. Себебі провинцияда 73 күн бойы жергілікті тұрғындардың арасынан жұқтырған жағдайлар тіркелмеген. Әйел қаладан шықпаған және шетелден келгендермен байланыспаған.

Цзилинь билігі коронавирус эпидемиясының екінші толқыны болуынан қорқып, қатаң шараларды қабылдады. Пойыздар мен қалааралық автобустар тоқтады, мектептер, қоғамдық және ойын-сауық орталықтары жабылдады. Кинотеатрлар, парктер, стадиондар және интернет-кафелер жабылып, жиналуға тыйым салынды.

Қаладан шығу үшін тұрғындар коронавирусқа тест тапсыруы керек.

"Қазіргі аурудың жиілеуі өте ауыр және әрі қарай тарап кетуінен қауіп бар", - деді қаланың вице-мэрі Гай Допнин.