Апат кезінде автобуста барлығы 51 адам болған.
ERNUR.KZ. Қытайдың Шаньси провинциясында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, кем дегенде 14 адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қытайдың орталық телеарнасының хабарлауынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобус туннель қабырғасына соғылған.
«14 адам оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ жолаушылар арасында жараланғандар да көп, олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде автобуста барлығы 51 адам болған», - делінген CCTV хабарламасында.
Қазіргі кезде оқиғаның себептері анықталып жатыр.