Қытайда екі рет жер сілкінді

0
605

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.3.


Қытайда екі рет жер сілкінді

ERNUR.KZ Қазақстандық сейсмологтар түнде Қытайда тағы екі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады kaz.inform.kz.




ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 00:20-да жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.3.

Магнитудасы – MPV 4.7.

Жер сілкінісінің координаттары – солтүстік-батыс бойынша 41,07°. 78,55°ш.б.

Тереңдігі – 5 км.

«Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) білінген жоқ», - делінген хабарламада.

Таңғы сағат 4:15-те ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде, Қытайда тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Бір күн бұрын Қытайда үш рет жер сілкінген болатын.