Бұған дейін алматылық әйел 9 жастағы ұлын көршісі зорлағанын мәлімдеген еді.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Алматыда тоғыз жастағы балаға қатысты сексуалдық зорлық фактісі бойынша тергеудің жаңа мән-жайы белгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен ер адамды полиция ұстады, деп жазады zakon.kz.
Бұл ақпаратты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.
Нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
Еске салайық, бұған дейін алматылық әйел 9 жастағы ұлын көршісі зорлағанын мәлімдеген еді.


