Дациншань қорығы Иньшань тау жотасының орталық бөлігінде орналасқан.
ЮНЕСКО 27 қыркүйекте жариялаған коммюникеде ұйымның әлемдік биосфералық резерваттар желісіне 26 жаңа қорықты тіркегені атап өтілген. Олардың қатарында Қытайдың Ішкі Моңғолдағы Дациншань биосфералық қорығы мен Шэньси өлкесіндегі Чжоучжы биосфералық қорығы бар. Осылайша дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіндегі жалпы қорықтар саны 785-ке жетті.
Дациншань қорығы Иньшань тау жотасының орталық бөлігінде орналасқан. Аумағы шамамен 3900 шаршы шақырым. Бұл өңір биологиялық және экожүйесі алуан түрлі. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1200 ге жуық түрі, омыртқалылардың 300 түрі және буынаяқтылардың 1800 түрі мекендейді.
Чжоучжы биосфералық қорығы Циньлинь тауының солтүстік және оңтүстік беткейлерінің түйіскен тұсында орналасқан. Аумағы 690 шаршы шақырымға жуық, орманмен қамтылу деңгейі 96 пайыз. Қорықта Чиньлинь пандысы, Сычуань сары сабалақ маймылы, бөкен және басқа да сирек жануарлар мен өсімдік түрлері кездеседі.