​Қытайда қарттар үйіндегі өрттен 20 адам мерт болды

0
218

Өрт 8 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:00 шамасында Хэбэй провинциясының Чэндэ қаласы Лонхуа уезіндегі қарттар үйінде болған.


​Қытайда қарттар үйіндегі өрттен 20 адам мерт болды

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясында қарттар үйіндегі өрт 20 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады, деп жазады inform.kz.

Хабарламаға сәйкес, өрт 8 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:00 шамасында Хэбэй провинциясының Чэндэ қаласы Лонхуа уезіндегі қарттар үйінде болған.

Алдын ала мәліметте, 9 сәуір күні сағат 03:00-дегі жағдай бойынша өрт салдарынан барлығы 20 адам қаза тапқан.
Қазіргі уақытта қарттар үйінде жатқан қалған егде жастағы адамдар әрі қарай ем алу үшін жақын маңдағы ауруханаға ауыстырылды.
Төтенше жағдай орын алған жерге құтқару-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін сарапшылар тобы жіберілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.