Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны көбейіп жатыр

0
726

Науқастар дертті ел ішінде жұқтырған.


Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны көбейіп жатыр

ERNUR.KZ. Соңғы тәулікте бұл дертке 17 адам шалдықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дертті олар ел ішінде жұқтырған. Коронавирустан жалпы саны 141 адам емделіп жатыр. Олардың 9-ы ауыр халде. 78 мыңнан астам адам толығымен жазылып, ауруханалардан шығарылды. Ауру белгілері байқалмағанмен, ағзасында вирусы бар деген күдікпен 780 адам дәрігерлік бақылауға алынды. Үкімет тұрғындарды абай болуға және аурудан қорғану ержелерін сақтауға шақырып отыр.


– Тұрғындар тазалық ережелерін сақтап, өте сақ болуы тиіс. Адамдар топтасып, жиналмағаны дұрыс. Дене қызуы, жөтел және әлсіздік сияқты белгілер байқалса, дереу арнайы емханаларға баруы керек, - дейді ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеттің өкілі Ми Фэн.