Тағы он адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Жексенбі, 11 тамызда Чанчжоудағы саябақта найзағай соғуы салдарынан алты адам қаза тауып, он адам жарақат алды, деп жазады tengritravel.kz.
The Standard басылымы мәліметінше, ауа райы бұзылғанда саябақта демалушылар шатырдың астына тығылған. Құрылымға найзағай түсіп, ол құлағанда адамдарды басып қалған.
Апат салдарынан алты адам қаза тауып, тағы он адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қытайлық БАҚ мәліметінше, биылғы жазда ауа райы қолайсыз болады: шығыс пен оңтүстікте қатты жауын-шашын, ал солтүстіктің көп бөлігінде аптап ыстық.