Бірақ жәрдемақы автоматты түрде жасанды интеллектінің шешімі негізінде тағайындалмайды.
фото: Акимат Карагандинской области
ERNUR.KZ. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жасанды интеллектінің көмегімен жәрдемақыны тағайындау тәртібін түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде жасанды интеллект қолданылады. Дегенмен соңғы шешімді адам қабылдайды.
"Жасанды интеллект мәліметтерді егжей-тегжейлі талдауға көмектеседі. Соның нәтижесінде нағыз мұқтаж адамды немесе көмекті қажет етпейтіндерді анықтауға болады. Бірақ жәрдемақы автоматты түрде жасанды интеллектінің шешімі негізінде тағайындалмайды. Ол ұсыныстарды ғана әзірлейді. Ал мемлекеттік органның қызметкері соны пайдалана алады, жәрдемақыны да тағайындайды", - деді жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин үкіметтегі брифингте.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев тамыз айынан бастап әкімдіктердің кейбір әлеуметтік төлемдері жасанды интеллект көмегімен тағайындалатынын айтқан.
Ал қазан айында мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың атаулылығы мен мұқтаждық деңгейін ескере отырып, нысаналы түрде тағайындау үшін жасанды интеллектіні енгізу жоспарланып отыр.


