Он жұмысшыны үйінді басып қалған.
ERNUR.KZ. Қытайдың Гуйчжоу провинциясында салынып жатқан автотұрақтың ғимараты құлап, сегіз адам қаза тапты, тағы екеуі жараланған, деп жазады ҚазАқпарат.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиға жергілікті уақытпен 16:21-де құрылыс алаңында болған. Жер астына салынып жатқан автотұрақта апат болған кезде14 адам жұмыс істеп жатқан. Үш жұмысшы қашып үлгерген, тағы біреуі құтқарылған, он жұмысшыны үйінді басып қалған.
Құтқару жұмысы 11 сағатқа созылған. Үйіндінің астынан сегіз адамның денесі табылды, екі адам ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.