​Қытайда жүргізушісіз басқарылатын автобус сынақтан өтуде

0
1 184

12 адамға арналған электрлі жүргізуші жоқ автобустың ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 20 км.


​Қытайда жүргізушісіз басқарылатын автобус сынақтан өтуде

ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласында 5G байланысымен қамтылған жүргізушісі жоқ автобус сынақтан өткізілуде деп жазады BAQ.KZ


Автобус бақылау аппарат желісі мен лазерлі локатор сияқты технологиямен жабдықталған. Ол барлық автоматты операцияны 5G мобильді желісінің көмегімен жасап отырады.

12 адамға арналған электрлі автобустың ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 20 км.

Аталған өнімді China Mobile, Huawei компаниялары мен Оңтүстік-шығыс университеті және француздық Easy Mile компаниясы бірігіп құрастырған.