Материал қауіпсіз және ыңғайлы дейді.
ERNUR.KZ. Қытай зерттеушілері қан жоғалту кезінде алғашқы көмек көрсете алатын талшықты композициялық матадан футболка шығарды. Футболка тіпті артериялық қан тоқтатуға мүмкіндік береді, деп жазады Stan.kz.
Қанның шамадан тыс жоғалуы - адам өліміне әкеп соғады. Ең үлкен қатер - артериялық қан кету. Артериялық зақымдану жағдайында жүректегі қан айналымы жоғары қысыммен ағзаға түсіп, қанның үлкен көлемін тез жоғалтуға әкеледі.
Ұнтақталған цеолит алғашқы көмекке кезінде қан тоқтату үшін кеңінен қолданылады. Алайда дұрыс емес тәсілмен пайдаланса, науқастың денесін күйдіріп жібеуі мүмкін. Мұндайда экзотермиялық реакциялар пайда болады.
Ғалым Фань Цзе және оның әріптестері табысты түрде цеолитпен салынған мақта талшығының композициялық материалын жасады. Электрондық телескоптың көмегімен талшық бетінде диаметрі бес микрометрден тұратын минералды шарлар байқауға болады.
"Біздің гемостатикалық материалымыз қауіпсіз және ыңғайлы. Құрамында аз мөлшерде цеолит бар, ол қанның қан ұйығыштық процессін жеделдетуге және сонымен қатар минералдың кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді", - дейді профессор.
Зерттеушілердің айтуынша, жаңашылдық әртүрлі экстремалды спорт түрлеріне арналған қорғаныс құрылғыларының өндірісінде, сондай-ақ жазатайым оқиғалар, жер сілкіністер және басқа да төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылатын болады.