Қызметкерлер жұмысқа шықпаған: ірі әуежайларда барлық рейс тоқтатылды

0
2

Елдің үш ірі кәсіподақ ұйымы бюджет шығындарын қысқартуға және зейнет жасын көтеру жоспарына қарсы жаппай ереуіл өткізіп жатыр.


Қызметкерлер жұмысқа шықпаған: ірі әуежайларда барлық рейс тоқтатылды

ERNUR.KZ. Бельгияның ірі әуежайларында бүгін ұлттық ереуілге байланысты барлық рейс тоқтатылды, деп жазады tengrinews.kz.

Euronews мәліметінше, елдің үш ірі кәсіподақ ұйымы бюджет шығындарын қысқартуға және зейнет жасын көтеру жоспарына қарсы жаппай ереуіл өткізіп жатыр.

"Жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін 26 қарашада бірде-бір рейс орындамау туралы шешім қабылдадық", – делінген Brussels Airport хабарламасында.

Әңгіме елдегі ең үлкен әуежай Завентем туралы. Әуежай өкілдері ұшулар тоқтағандықтан, келетін рейстердің де кешігуі немесе өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Себебі жерүсті қызметтері мен күзет қызметкерлері де ереуілге қатысып жатыр.

Брюссель-Шарлеруа әуежайында да жағдай осындай. 26 қарашада мұнда да ұшып келу және ұшып шығу толық тоқтайды. Сонымен қатар, әуежайға жетудің өзі қиындауы мүмкін — жолдардың жабылуы және қоғамдық көлік жұмысы өзгеруі мүмкін. Теміржол қатынасы да тұрақсыз жұмыс істеп жатыр.

Әуекомпаниялар рейсі тоқтатылған жолаушыларға жеке хабарласып, балама шешімдер ұсынатынын мәлімдеді – қайта брондау немесе билет ақшасын толық қайтару.

Сапар жоспарлап отырғандарға ұсыныс:

  • рейс кестесін алдын ала тексеру;
  • балама маршруттарды ойластыру;
  • мүмкін болатын кешігулерге қосымша уақыт қарастыру.