Латвия, Литва және Эстония өз шекараларынан ресейліктерге өтуге шектеу қойды

0
606

Тыйым Ресейдің Шенген визасы бар барлық азаматына қатысты.


Латвия, Литва және Эстония өз шекараларынан ресейліктерге өтуге шектеу қойды

ERNUR.KZ. Латвия, Литва мен Эстония мемлекеттері арқылы ресейліктер енді өз елдеріне және Беларуське өте алмайды. Тиісті шектеуді үш ел бірігіп жариялады, деп stan.kz.

Тыйым Ресейдің Шенген визасы бар барлық азаматына қатысты. Тек жүк көлігі жүргізушілері, дипломаттар мен гуманитарлық немесе шұғыл отбасылық себеппен келгендерге ғана кіруге рұқсат етіледі. Шешімдерді ұлттық үкімет қабылдайды және сол күні заң күшіне енеді.

Естеріңізге салсақ, 31 тамызда Еуроодақ Ресеймен виза беруді жеңілдететін келісімді тоқтататыны белгілі болды. Бірақ ЕО елдері ресейліктерге виза беруге толықтай тыйым салу туралы келісімге келе алмады.

Дәл сол күні Эстония Сыртқы істер министрлігі Латвия, Литва және Польшамен бірлесіп мәлімдеме жасап, Шенген визасы бар ресейліктерге қатысты жаңа шектеу шараларын енгізуді сұрады.

Сонымен қатар, визалық режимнің жойылғаннан кейін Ресей азаматтары Еуроодақ визалары үшін 35 еуроның орнына 80 еуро төлейді және виза беру қызметі ұзарып, көбірек құжат талап етіледі.