Леонардо Ди Каприо 11 сағат бойы теңізде қалып қойған ер адамды құтқарды

0
919

Актер өз яхтасымен Кариб теңізінде демалып жүрген,


Леонардо Ди Каприо 11 сағат бойы теңізде қалып қойған ер адамды құтқарды

ERNUR.KZ. Актер Леонардо Ди Каприо 11 сағат бойы теңізде қалып қойған французды құтқарды, деп жазады Тengrinews.kz.

"Титаник" жұлдызы өз яхтасымен Кариб теңізінде демалып жүрген. Бір кезде ол рациядан тағы бір қайықтың капитанының сигналын естіген. Ол өз жолаушысын жоғалтқанын айтқан: 24 жастағы француз ішімдікке мас болып, борттан құлап кеткен. Оның суда қанша уақыт болғаны және қайда екенін капитан білмеген.

Ди Каприоға теңізде жоғалып кеткен ер адамды табу үшін бірнеше сағат керек болған. Ер адам күші сарпылғанынан қарамастан қол созып көмек сұраған. Борттан құлап кеткен ер адам 11 сағат бойы суда болғаны анықталды.

Яхтада Леонардо Ди Каприо құтқарылған жігітке тамақ беріп, киіндірге. Жолыболғыш жігіттің есімі - Виктор, оның қарны ашып, жүдеген. Француз есін жинаған уақытта, актерға алғыс білдірген. Жолаушысын жоғалтқан капитан теңізден адам табу мүмкіндігі "миллиардтан бір" екенін айтады. Ди Каприоның яхтасы сигналға жауап берген жалғыз кеме болған.