Халықаралық көші-қон ұйымының Ливиядағы бөлімшесі бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазған.
ERNUR.KZ. Ливия жағалауында кеме апатқа ұшырап, кем дегенде 61 адам қаза тапты, деп жазады Kazinform.
Халықаралық көші-қон ұйымының Ливиядағы бөлімшесі бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазған.
«Ливия жағалауындағы қайғылы кеме апатынан кейін 61 мигрант, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты», - делінген хабарламада.
Суға батып кеткен кеме жолаушыларының көбі Нигерия, Гамбия және Африка елдерінің азаматтары болған. Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері аман қалғандарға медициналық көмек көрсетіп, 25 адам Триполи маңындағы сауықтыру орталығына жіберілді.