"Даниэль" циклонынан кейін жоғалып кеткендер саны 9 мыңнан асады екен.
ERNUR.KZ. Ливияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 5,3 мыңнан асты, деп жазады stan.kz.
"Даниэль" циклонынан кейін жоғалып кеткендер саны 9 мыңнан асады екен.
"Қазір Дерн қаласында цилон салдарынан опат болған саны 5300 адамнан асты", – деді ІІМ өкілі Мұхаммед Абу Лумуш.
Ливиялық БАҚ мәліметінше "Даниэль" циклонынан кейін басталған нөсер салдарынан елдің шығысындағы елді мекендер мен Эль-Байду мен Дерн секілді қалаларды су басқан.
Нөсер кесірінен әуежай мен теңіз порты жабылды. Ал Сус пен Дерн қалаларында коменданттық сағат енгізілді.