Мадридте жарылыс болып, 25 адам зардап шекті

0
126

Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр, тергеу жалғасуда.


Мадридте жарылыс болып, 25 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Испания астанасы Мадридтің Пуэнте-де-Вальекас ауданында орналасқан Mis Tesoros барында жарылыс болып, 25 адам зардап шекті, деп жазады BAQ.KZ.

Жедел қызметтердің мәліметінше, жарақат алғандардың үшеуі ауыр халде. Жарылыс толқыны бардың үстіндегі тұрғын үйді зақымдап, ғимараттың құлау қаупі туындағандықтан құтқарушылар үйінділерді қолмен аршып жатыр. ABC басылымының дерегінше, оқиғаға газдың шығуы себеп болуы мүмкін.

Салдарын жою жұмыстарына 18 өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылды. Олардың қатарында кинологтар мен дрондар көмегімен әуеден қолдау көрсетушілер бар. Сондай-ақ оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр.

Мадрид вице-мэрі әрі қауіпсіздік жөніндегі уәкілі Инма Санс та төтенше жағдай орнына келіп, ғимараттың жағдайы сын көтермейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бар ғана емес, үйдің жоғарғы қабаттары мен плиталары да қатты зақымданған.

Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр, тергеу жалғасуда.