"МакГрегор" Нурмагомедовтың үстінен арызданды

0
1 190

Ресейде ер адам Уфа полициясына өзін ММА файтері ирландиялық Конор МакГрегормын деп атап, ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың үстінен арыз жазған


ERNUR.KZ. "МакГрегор" Нурмагомедовтың үстінен Уфа полициясына арыз жазды, деп жазады ktk.kz.

Ресейде ер адам Уфа полициясына өзін ММА файтері ирландиялық Конор МакГрегормын деп атап, ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың үстінен арыз жазған.

Бұл туралы РИА Нововсти сайтына сілтеме жасап Vesti.kz хабарлайды.

Ер адам Нурмагомедовтың өзін соққыға жыққананы айтып, оны табуды сұраған. Полиция арызды тіркеді. Алайда, іс ары қарай жүргізілмейтіні анықталды, өйткені оқиға Уфа аумағында емес, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болған.

Башқұртстан ІІМ жағдайға байланысты пікір білдіруден бас тартты.