Министрдің мәлімдемесі желі қолданушыларын аң-таң етті.
ERNUR.KZ. Малайзияның коммуникация және мультимедиа министр Сайфуддин Абдулла әлеуметтік желі қолданушылары интернетке видео жүктеуі үшін лицензия алу керегін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Министрдің мәлімдемесі желі қолданушыларын аң-таң етті. Себебі, Сайфуддин Абдулла әлеуметтік желі пайда болғанға дейін қолданыста болған кино туралы заңнан үзінді келтірген.
Министрдің сөзінен кейін желі қолданушылары интернетке фото және видеоларды жүктей бастады.
"Видеоны жіберіп, жауап күтіп отырмын. Растауы керек", - дейді желі қолданушыларының бірі.
"Лицензия үшін кезекте тұрғандар", - деді тағы бірі.
Content Creator beratur depan FINAS apply lesen. pic.twitter.com/IZT5Bn9EfN
— Keywai (@keywai_) July 23, 2020
Кейін Малайзия үкіметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Олар кино туралы заң өзгеретінін, бұл өзгеріс желі қолданушыларына қатысы болмайтынын атап өтті.