Әсерлі әңгімелер мен тағылымды ойлар тоғысқан кездесу қатысушыларға ерекше рухани серпіліс сыйлады.
Кентау қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамаларын қолдау және «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасы аясында рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тағлымды іс-шараға жастар арасында танымал Хамит Ердехан мен Нұрсұлтан Үсенов қатысып, өскелең ұрпақпен еркін форматта пікір алмасты.
Кездесу барысында қонақтар кітап оқудың адам өміріндегі маңызына тоқталып, рухани байлықтың бастауы – білім мен ізденіс екенін атап өтті. Сондай-ақ жастарды көркем әдебиет оқуға, уақытты тиімді пайдалануға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және үнемі өзін-өзі дамытуға шақырды.
Іс-шара барысында кездесуге келгендер белсенділік танытып, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан өлең-жырлар оқып, әдебиетке деген қызығушылықтарын көрсетті. Әсерлі әңгімелер мен тағылымды ойлар тоғысқан кездесу қатысушыларға ерекше рухани серпіліс сыйлады.
Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, зияткерлік әлеуетті дамыту және оқу мәдениетін қалыптастыру.


