Ахмед аш-Шараа бұрынғы үкімет Сирияның көптеген елдермен, соның ішінде Әзірбайжанмен қарым-қатынасын бұзғанын өкінішпен атап өтті.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Сирия президенті Ахмед әл-Шараа Бакуде өтпелі кезеңде Сирияға газ жеткізуге келісті, деп жазады baq.kz.
Шілденің 12-сі күні өткен кездесуде тараптар Сирия қазіргі таңда күрделі проблемаларды бастан кешіріп отырған энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
Осы аяда жақын арада Түркия арқылы Сирияға Әзірбайжан газын экспорттау жобасының жүзеге асырылатыны, бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізетіні баса айтылды, - делінген хабарламада.
Ильхам Әлиев ұзақ жылдар бойы Әзірбайжанға қарсы достық емес саясат ұстанған Сириядағы бұрынғы үкімет тұсында екіжақты қарым-қатынаста тоқырау болғанын атап өтті. Ол Сирияда жаңа үкімет құрылғаннан кейін қарым-қатынастарды дамыту үшін үлкен перспективалар ашылғанын баса айтты.
Ахмед аш-Шараа бұрынғы үкімет Сирияның көптеген елдермен, соның ішінде Әзірбайжанмен қарым-қатынасын бұзғанын өкінішпен атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар Әзірбайжанның оккупациядан азат етілген аумақтардағы қалпына келтіру және құрылыс жұмыстары бойынша тәжірибесін ескере отырып, Әзірбайжан Сириядағы қақтығыстан кейінгі кезеңде қалпына келтіру үдерісіне үлес қоса алатынын атап өтті.