Мариупольде перзентханаға шабуыл жасалған: Жарақат алған жүкті әйел көз жұмды

0
572

Мариупольде қираған ауруханада сурет түсірген Евгений Малолетка ғимаратта тек науқастар болғанын, ешқандай қарулы батальонның болмағанын хабарлады.


Мариупольде перзентханаға шабуыл жасалған: Жарақат алған жүкті әйел көз жұмды

ERNUR.KZ. Мариупольде перзентхана мен балалар ауруханасына жасалған соққы салдарынан жарақт алған әйелдердің бірі нәрестесімен бірге көз жұмды, деп жазады Stan.kz.

Әйелдің өлімі туралы "Голос Америки" басылымының журналисі Ася Долина мәлімдеді.

"Мариупольде №3 балалар ауруханасына жасалған соққы кезіндегі репортаждарда көруге болатын әйел көз жұмды. Әйелді ғимараттан зембілмен алып шыққан. Дүниеге келмеген нәрестесі де мерт болды", - деп жазды Ася Долина.

Ақпаратты әйелді суретке түсірген фотограф Евгений Малолетка да растады.

Мариупольдегі соққыдан кейін суреті жарияланған бьюти-блогер Марианна Подгурская 10 наурызда қызды болды.

Бұған дейін перзентхана мен балалар ауруханасында 3 адамның қаза тауып, 17 адамның жарақаттанғаны белгілі болған еді. Украина жасалған соққыға Ресейді кінәлады.

Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 10 наурызда өткізген баспасөз маслихатында Мариупольдегі перзентхананың "лаңкестердің базасы" екенін мәлімдеген.

Ал бірнеше сағаттан кейін Лавров пен Ресей қорғаныс министрлігі Мариупольдегі ауруханаға әуе соққысын жасамағанын айтты. Жасалған соққыны Ресей тарапы толығымен "арандату" деп бағалады.

Мариупольде қираған ауруханада сурет түсірген Евгений Малолетка ғимаратта тек науқастар болғанын, ешқандай қарулы батальонның болмағанын хабарлады.