Марқұмның жерлеуіне қатысқан 16 туысы коронавирустан қайтыс болды

0
2 580

Туыстарым ауырып, бірінен соң бірі өліп жатты, дейді Хосе Мартин.


Марқұмның жерлеуіне қатысқан 16 туысы коронавирустан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Мексиканың Тултепек қаласында тұратын ер адам жерлеуге қатысқан 16 бірдей туысынан айырылып қалды. Олардың бәрі коронавирус дертінен көз жұмған, деп жазады nur.kz.

Тултепек қаласының тұрғыны Хосе Мартин Чавес Энрикес 2020 жылы оның алыс туысы COVID-19-дан қайтыс болғанын, содан кейін отбасы мүшелері марқұмның жерлеуіне барғанын есіне алды.

Жерлеуге келгендердің көбі коронавирус жұқтырып алған. Салдарынан Хосе Мартин өткен жұмада анасы мен атасынан айрылып қалғанын айтуда. Олар емханада дертті еңсере алмай, көз жұмыпты.

Сонымен қатар оның ағалары, тәтелері мен өзге де жақын туыстары коронавирустан көп ұзамай қайтыс болған екен. Бүгінде Хосе бір емес, 16 бірдей жақын туысынан айырылып отыр.


"Менде жылауға да уақытым болмады, мен бір орында қатып қалғандай күйде болдым. Вирус менің отбасымды жермен-жексен етті, отбасымның барлығын дерлік алып кетті. Олар ауырып, бірінен соң бірі өліп жатты", - дейді Хосе Мартин.


Ол әкесінің әлі COVID-19 ауруынан айыға алмай жатқанын, ал әпкесі жазылып кеткенін айтуда.

Ер адам "барлық адамдар өздеріне және жақындарына қамқорлық жасап, аурудан қорғанудың қаншалықты маңызды екенін" білгенін қалайды.

Сол себепті, ол бұл қайғылы жағдай туралы көпшілікке бұқаралық ақапарат құралдары арқылы айтып беруді жөн санаған екен.

Хосе көпшіліктен өздері жасаған қателікті қайталамауға кеңес беруде.