Маскалар мен қолғаптар планетаны экологиялық апатқа ұшыратады

0
868

Мамандардың пікірінше, бір маска жүздеген жылдар бойы ыдырайды екен.


Маскалар мен қолғаптар планетаны экологиялық апатқа ұшыратады

ERNUR.KZ. Пандемия кезінде сұраныс жоғары тауарлар - бір реттік маскалар мен медицииналық қолғаптар экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін, деп хабарлайды Хабар24.

Өйткені Түркия мен Еуропа елдерінде су түбінде табылған медициналық қалдықтар көбейген. Франция экологтарының пайымдауынша, жуық арада теңізде медузадан гөрі маска көп болуы мүмкін. Себебі таяуда мұнда 2 миллиардтан аса бетпердеге тапсырыс берілген.

Мамандардың айтуынша, бір ғана маска жүздеген жылдар бойы ыдырайды екен. Қазірдің өзінде оның қалдықтары балықтар мен тұзда табылып жатыр.

Мамандар «тұрғындардың көбі медициналық қорғаныс құралдарын қалай кәдеге жаратарын білмейді» дейді. Көп елде тіпті ол үшін қолайлы жағдай да жасалмаған көрінеді. Осы ретте экологтар көп реттік маскаларды қолдануға кеңес беріп отыр.


- Адамдар маска тағып, өздерін қауіпсіз сезінгісі келеді. Алайда ол үшін пластик қолдану міндетті емес. Басқа материалдар толып жатыр, - дейді A Plastic Planet ұйымының негізін қалаушы Шан Сазерленд.