Мәскеуде хостел өртеніп, сегіз адам көз жұмды

0
544

Өрт жұмаға қараған түні Алма-Ата көшесіндегі хостелден шықты.


Мәскеуде хостел өртеніп, сегіз адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Мәскеудің оңтүстік-шығысында орналасқан хостелдерінің бірінде болған. Сегіз адам өрт құрбаны болды, деп жазады Sputnik.kz.

Өрт жұмаға қараған түні Алма-Ата көшесіндегі хостелден шықты. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, сегіз адам қайтыс болды.
Өрттің шығуына электр құрылғыларының ақауы себеп болуы мүмкін. Өрт 150 шаршы метр аумаққа тараған.
Адамдардың қаза болуына терезелерге тор орнатылуы себеп болған.