Қылмыскердің көзі жойылды. Зардап шеккендер бар.
ERNUR.KZ. Мәскеудің Лубянка ауданында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды. Күдіктінің көзі жойылды, оның кім екені анықталып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
«Үлкен Лубянкадағы №12 үйдің жанында белгісіз біреу адамдарды ата бастады. Жарақат алғандар бар. Күдіктінің жеке тұлғасы анықталып жатыр. Қылмыскердің көзі жойылды», - деп мәлім етті ФҚҚ қоғамдық байланыс орталығы.
Мұның алдында агенттік Үлкен Лубянка көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылып, жол жабылғанын хабарлаған болатын.