Мәскеулік полицейлер өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан күдіктіні тұтқындады

0
356

Полиция күдіктіден пневматикалық мылтық тәркілеген.


Мәскеулік полицейлер өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан күдіктіні тұтқындады

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясы ІІМ Мәскеуде атыс жасады деген күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

РИА Новости жазуынша, полиция күдіктіден пневматикалық мылтық тәркілеген.

"Жедел-іздестіру іс – шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні оның пәтерде орналасқан жерінен ұстады", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша бұзақылық туралы қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Мәскеудің Бибирево ауданында атыс кезінде ер адам мен әйел жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болды.