Ұлттық қордан "Халықтық құрылысқа" 6,5 триллион теңге бөлінеді

0
180

Арнайы комиссия бұл ауқымды қаражаттың үнемді, жымқырусыз жұмсалуын мұқият бақылауда ұстамақ.


Ұлттық қордан

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.


Президент "Халықтық құрылыс" жұртымызды бір мақсат пен мүддеге біріктіретініне сенеді.

“ Ең маңызды мәселе – біз келешек ұрпақтарға тұжырымдамалар мен жоспарлар, шетелдегі құнды қағаздарда сақталған, уақыт өткен сайын арзандап бара жатқан қаржыны емес, халыққа қызмет ететін нақты әлеуметтік нысандарды аманат ретінде қалдыруымыз керек.
Құрылыспен айналысу – жасампаздыққа, жаңашылдыққа ұмтылу. Сондықтан "Құрылыс және тағы да құрылыс" деген бір ауыз сөз жаңғыру жолына түскен Қазақстанның мызғымас қағидаты, жалпыұлттық ұраны болуға тиіс.
"Халықтық құрылыс" жұртымызды бір мақсат пен мүддеге біріктіреді, елімізді нағыз өрлеу мен өркендеу жолына бастайды.
Осыған орай, алдағы үш жылдың ішінде Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді.
Арнайы комиссия бұл ауқымды қаражаттың үнемді, жымқырусыз жұмсалуын мұқият бақылауда ұстайды “, – деді Президент.

Қазір бұл Комиссияның құрамын нақтыланып жатыр. Ең басты талап Комиссия мүшелері айқай-шусыз, даңғаза жасамай, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде, тиімді атқаруы керек.