Мектеп оқушыларына вакцина салына бастады

0
731

Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденді.


Мектеп оқушыларына вакцина салына бастады

ERNUR.KZ. Чили мектептерінде 6 мен 11 жас аралығындағы оқушыларға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады. Екпе балаларға ата-аналарының рұқсатымен, ерікті түрде салынады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлады, деп жазады 24.kz.

Шараға қытайлық Sinovac препараты таңдалды. Айта кетейік, елде 12 мен 17 жас аралығындағы жас өспірімдердің 84 проценті індетке қарсы дәріні қабылдап үлгерді. Ал өткен айда 55 жастан асқан тұрғындарға 3-ші доза басталды.

"Көптен бері жоспарлаған іс-шараны қолға алдық. 6 мен 11 жас аралығындағы балалар екпе қабылдай алады. Вакцина салдыру – ерікті", - дейді Чили Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Паула Даза.

Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденді.