Қайтыс болған науқас 76 жаста.
ERNUR.KZ. Монғолияда пандемия басталғалы коронавирустан болған алғашқы өлім тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.
Агенттіктің хабарлауынша, қайтыс болған науқас 76 жаста.
Монғолияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлауынша, бұл елдегі коронавирустан болған алғашқы өлім.
Жалпы алғанда Монғолияда ауруға шалдыққандар саны 1215 адамға жетті. Олардың 830-ы сауығып шыққан.