Моңғолияда оба дерті тіркелді

0
75

2025 жылдың 4 қыркүйегінде Ресей шекарасынан шамамен 60 шақырым қашықтықта орналасқан Моңғолияның Хубсугул аймағында оба ауруы тіркелген.


Моңғолияда оба дерті тіркелді

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Моңғолияның Зооноздық аурулардың ұлттық орталығы елдің солтүстігінде, Ресей шекарасына жақын маңда бубон обасына шалдыққан науқастың тіркелгенін мәлімдеді. Анықталған аймақта карантин енгізілді, деп жазады zakon.kz.

МК мәліметінше, Роспотребнадзор Моңғолияның солтүстігінде оба жұқтыру оқиғасы тіркелгеніне қарамастан, індеттің Ресей аумағына таралу қаупін өте төмен деп бағалап отыр.

Ведомствоның баспасөз қызметі дерегінше, 2025 жылдың 4 қыркүйегінде Ресей шекарасынан шамамен 60 шақырым қашықтықта орналасқан Моңғолияның Хубсугул аймағында оба ауруы тіркелген.

Қадағалаушы органның деректеріне сәйкес, инфекция жергілікті тұрғыннан анықталған. Ол суыр етін тұтынған және обаға қарсы екпе алмаған. Қазіргі уақытта науқас ауруханаға жатқызылып, тиісті ем алып жатыр. Моңғол билігі шұғыл шаралар қабылдаған:

  • байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланды, оларға шұғыл химиялық профилактика жүргізілуде;
  • Мурэн және Цагаан-Уул сомондарында 4–11 қыркүйек аралығында ішінара карантин енгізілді.

Роспотребнадзор оба індетінің табиғи ошақтарын бақылау мәселелері бойынша Моңғолияның Зооноздық инфекциялар ұлттық орталығымен тұрақты байланыс жасап отырғанын атап өтті. Қауіп өте төмен болғанымен, Ресей аумағына инфекцияның енуі мен таралуының алдын алу мақсатында қосымша профилактикалық шаралар кешені ұйымдастырылған.