Мысырда екі пойыз соқтығысып, 7 адам көз жұмды

0
89

Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр.


Мысырда екі пойыз соқтығысып, 7 адам көз жұмды

фото: Sputnik / Михаил Воскресенский

ERNUR.KZ. Мысырда жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан 7 адам көз жұмып, тағы 125 адам жарақат алды, деп жазады sputnik.kz.

Youm7 басылымының хабарлауынша, жолаушылар пойызы теміржол бойында тоқтап тұрған екінші пойызға соғылған. Соққы салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен. Оқиға орнына 72 жедел жәрдем көлігі жіберілді.
Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталып жатыр. Тергеушілер теміржол сигнализациясындағы ақау немесе машинистің қателігі апатқа себеп болуы мүмкін деген болжамдарды тексеріп жатыр.
Зардап шеккен 43 адам әлі ауруханада жатыр. Олардың 12-сінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Ал 71 адам медициналық көмектен кейін ауруханадан шығарылған.