​ДДСҰ коронавирустың жаңа штамының белгілерін айтты

0
104

ДДСҰ жаңа штамм COVID-19 тудыратын вирустың бір нұсқасы екенін және оны коронавирустан бөлек нәрсе ретінде қарамау керектігін атап өтті.


​ДДСҰ коронавирустың жаңа штамының белгілерін айтты

фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан жаңа коронавирус штаммы - PJ.2.1-дің белгілері суық тию немесе тұмау белгілеріне ұқсас болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы РИА Новостиге айтып берді, деп жазады tengrihealth.kz.
"Тек белгілерге сүйене отырып, инфекцияны нақты қай респираторлық вирус тудырғанын дөп басып айту мүмкін емес", - деді ДДСҰ.
Ауру себебін анықтау емдеу стратегиясына немесе қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы шешімдерді қабылдауға әсер ете алатын жағдайларда, тестілеу қажет болуы мүмкін екендігі атап өтілді.
"Қазіргі уақытта PJ.2.1 нұсқасы SARS-CoV-2-нің басқа нұсқаларымен салыстырғанда өзгеше белгілер тудырады немесе аурудың ауырлау өтуіне себеп болады деп айтуға жеткілікті дәлелдер жоқ", - делінген хабарламада.
ДДСҰ жаңа штамм COVID-19 тудыратын вирустың бір нұсқасы екенін және оны коронавирустан бөлек нәрсе ретінде қарамау керектігін атап өтті.

Сондай-ақ ұйым COVID-19-дың жаңа штамының жаһандық деңгейде таралу қаупі артып келе жатқанын хабарлап, оның таралу барысын жіті бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.

Медицина ғылымдарының докторы, инфекционист әрі вирусолог Елена Малинникова бұған дейін PJ.2.1 нұсқасының басқа штамдардан айырмашылығы - тамақтың қатты ауыруы және аурудан кейін адамның ұзақ уақыт бойы әлсіреп, шаршаңқы күйде жүруі болуы мүмкін екенін түсіндірген еді.