Марқұм 47 жаста болған.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Мысырдың Эль-Файум қаласындағы хайуанаттар бағындағы арыстан күзетшіні талап өлтірді, деп жазады zakon.kz.
Youm7 дерегінше, марқұм 47 жаста болған.
"Эль-Файюмдегі хайуанаттар бағының қызметкері арыстан оның басын тістеп алғаннан кейін қайтыс болды", – делінген ақпаратта.
Басылымның дерегінше, оқиға оқыстан болған. Күзетші тепе-теңдігін жоғалтып, арыстанның торына түскен. Мұны көрген жыртқыш бірден шабуыл жасаған. Қызметкер бас жарақатын алып, салдарынан көз жұмған.
Бұл ретте, құқық қорғау органдарының қызметкерлері арыстанды атып өлтірген. Қайғылы оқиғаға байланысты Эль-Файум билігі хайуанаттар бағын уақытша жауып тастады.