Мысырда тілі алтыннан жасалған мумия табылды

0
2 839

Ғалымдар бұл қабірге 2 мыңнан астам уақыт болғанын айтады.


Мысырда тілі алтыннан жасалған мумия табылды

ERNUR.KZ. Археологтар көне мысырлық мумияны тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір қызығы оның тілі алтыннан жасалған. Олжа мамандардың Тапосирис-Магна атты көне қонысты зерттеуі кезінде анықталды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жартаста мумиялар жерленген ежелгі мола табылған. Сарапшылардың пайымдауынша, алтыннан жасалған тіл мәйітті бальзамдау кезінде салынған. Ғалымдар бұл қабірге 2 мыңнан астам уақыт болғанын айтады. Сондай-ақ бұл аймақта жақсы сақталған өзге де көне заттар мен жәдігерлер табылды.